Тәжікстанда келін күйеуінің туыстарын у беріп өлтірген

/uploads/thumbnail/20170710161403169_small.jpg

Тәжікстанда екі адамды өлтірді деген күдікпен Хатлон облысы Пянджа ауданының тұрғыны тұтқындалды. Оған күйеуінің туыстарын у беріп өлтірді деген айып тағылуда, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі novosti.kg сайтына сілтеме жасап.

ІІМ дерегіне сәйкес, Хатлон облысының Пахтакор қыстағының 37 жастағы тұрғыны қасақана түрде өзінің күйеуінің туыстарына у берген. Әйел алғаш тұрмыс құрған күннен бастап өзінің 43 жастағы ерін жақтырмаған.

2014 жылы 29 маусымда өздерінің курутоб атты ұлттық тағамын әзірлеп, оған у қосып қойған. Кейіннен у қосылған табақты әдейі күйеуінің туыстары жұмыс істеп жүрген жаққа апарып берген. Отбасы мүшелері курутобты жегеннен соң ауыр халде ауруханаға түскен. Олардың арасында ол әйелдің күйеуінің 39 жастағы ағасы мен оның 34 жастағы әйелі және де олардың кәмелетке толмаған үш балалары болған. Сонымен қатар Душанбенің тұрғындары – жиенері – 19, 38 және 36 жастағы ер адамдар болған. Улаудың нәтижесінде, 39 жастағы ағасы ауруханада көз жұмған. Алайда, келін мұнымен бұл ісін тоқтатпаған.

Дәл сол жылдың қыркүйек айында бүкіл отбасына уланған нан берген. Пянджа ауруханасына 34 жастағы жесір әйел мен оның күйеуінің 26 жастағы қарындасы келіп түскен. Сонымен қатар 4 жастағы бүлдіршін де ауруханаға түсіп, сол жерде көз жұмған. Сол күні келін үш күндік аза тұту күніне келген адамдарға арнап тағы да уланған нан пісіріп берген. Нәтижесінде жеті адам Құрған-Төбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Алайда, уланған тамақ беріп бірнеше адамдарға қастандық жасаған келін ұсталып, қазіргі таңда оған қарсы «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Шолушы: Назерке Лабихан

Оставить комментарий

Связанные Статьи