Трамп Үндістан Премьер-министрінің ұсынысын қабыл алды

/uploads/thumbnail/20170710161429570_small.JPG

АҚШ Президенті Дональд Трамп Үндістан Премьер-министрі Модидің Үндістанға отбасымен қонақ болуы жайлы ұсынысын қабыл алды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ал Трамптың отбасымен Үндістанға қашан келетіні әлі белгісіз.

«Президент Трамп Үндістан Премьер-министрінің ұсынысын  қуана-қуана қабыл алды. Олар алдағы уақытта достастықта бірлесе жұмыс істеуге ниетті» деп хабарлады Шон Спайсер.

Сонымен қатар ,Трамп пен Моди Пәкістан басшылығын  террористер басқа мемлекеттерге шабуыл жасамас үшін  Мемлекет жерін  қолданысқа бермеуге шақырып отыр.

Шолушы: Айгерім Таубай

 

Связанные Статьи