Бостондағы «Логан» әуежайының қасынан жеңіл көлік бірнеше жаяу жүргіншіні қағып кетті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Массачусетс штатындағы полиция қызметкерлерінің мәлімдемесі бойынша, 9 адам жарақаттанған екен.
Болған оқиғаға байланысты әлі нақты ақпарат анықталған жоқ. Алайда жергілікті журналистердің айтуы бойынша, көлік жүргізушісі оқиға болған орыннан ізін суытқысы келген. Бірақ қашып кете алмаған көлік жүргізушісі қазір полиция қызметкерлеріне жауап беріп жатқан көрінеді.
Қылмыскердің ДАИШ содырларының құрамында болған деген болжам да бар. Себебі осы уақытқа дейін ДАИШ содырлары ешқандай себепсіз жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, өз-өзін жарып жіберген.
Шолушы: Әсел Болатқызы
Оставить комментарий