Қытайда ғарыш зымыранының ұшырылуы сәтсіз аяқталды

/uploads/thumbnail/20170710161915954_small.jpg

Қытайда «Чанчжэн-5» ғарыш зымыранының сәтсіз ұшырылуына байланысты тергеу басталды. Бқл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жер орбитасына байланыс спутнигін жеткізуге тиіс еді. Ғарыш айлағының қызметкерлері сол күні ауа райы қолайлы болғанын мәлімдеді. Бұл Айға зонд жіберу алдындағы зымыранның соңғы сынағы болады деп көзделген.

 «Чанчжэн-5» – Қытайдың ауыр дәрежедегі тұңғыш ракетасы. Ол зеңгір көкке салмағы 25 тоннаға дейінгі жүкті шығара алады. Алғаш рет «Чанчжэн-5» зымыраны 2016 жылы ұшырылған.

Шолушы: Айгерім Таубай
 

Оставить комментарий

Связанные Статьи