АҚШ американдық компаниялардың табиғи газды Еуропаның Орталық және Шығыс бөлігіне төменгі бағамен жеткізуді жоспарлап отыр деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.
Американдық көшбасшы Дональд Трамп бұл туралы Варашавада өтетін «Үш теңіз» саммитінде мәлімдейді.
«Үш теңіз» тобына 12 еуропалық ел кіреді. Олар - Польша, Австрия, Венгрия, Латвия және Эстония. Саммиттің күн тәртібінде ресейлік жобаларға Еуропада «энергетикалық балама» табу, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту және т.б.
Еуропадағы НАТО-ның біріккен күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Джеймс Джонстың айтуынша, американдық газ экспортының артуы Ресейдің мүмкіндіктерін Еуропада төмендетеді.
АҚШ табиғи газды Испания, Португалия және Италияға экспорттауды бастады. The Washington Post мәліметінше, АҚШ 2017 жылы Еуропаға газ экспорттауды толық қолға алмақ. Бұл Ресейдің Еуропадағы жағдайын әлсірету үшін жасалуда.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет
Оставить комментарий