Павлодарда қала көшелерінің бірінде «BMW» маркалы көлігінің жүргізушісі ағашқа соғылып, темір тұлпарын тастап кеткен, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі pavlodarnews.kz мәліметіне сүйеніп. Бұл туралы агенттіктің сауал хатына жолдаған жауабында Павлодар облыстық ІІД хабарлады. - «BMW» маркалы көлігінің анықталмаған жүргізушісі Ворушин көшесінің маңындағы ағашқа соғылған, кейін жүргізуші оқиға орнынан көлікті тастап, қашып кеткен. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 611-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Жол көлік оқиғасына кінәлі адамды анықтау бойынша іс-шара жүргізілуде.
Соғылған темір тұлпар айыппұл тұрағына қойылды, - деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, кешкі сағат 22.00 шамасында екі бірдей «Lexus» көліктері соғылып қалды.
Облыстық ІІД ұсынған ақпаратқа сүйенсек, «Lexus Is 300» жүргізушісі 1989 жылы туған азамат Қайырбаев көшесінде келе жатып шығыстан бастысқа бағытталғанда жылдамдықты сақтамай, Жеңіс алаңы көшесіне бұрылған. Салдарынан 1983 жылы туған азаматқа тиесілі тұрақта тұрған «Lexus Gs 300» маркалы автомобильді соққан. Жол көлік оқиғасынан кейін жүргізуші мен 1998 жылы туған жолаушы азаматша әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Олар медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйге жіберілген. ЖКО кезінде екі жүргізуші де сау болды. Жылдамдықты сақтамаған жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 610- бабының 1- бөліміне сәйкес әкімшлік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Шолушы: Айгерім Таубай
Оставить комментарий