Кремльде Путин мен Си Цзиньпиннің кездесуі басталды

/uploads/thumbnail/20170710162017255_small.png

3 шілде кешке таман саясаткерлер ресми емес кездесу өткізген, ал бүгінгі келіссөз Мәскеу мен Бейжіңнің  ара қатынасының нығаюы жайында болмақ, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі.

Ресей және Қытай басшылары Владимир Путин мен Си Цзиньпиннің келіссөзі Кремльде өтті. ҚХР басшысы Мәскеуге екі күндік сапармен барған. Іс сапарының мақсаты – сауда, энергетика, білім және стратегиялық серіктестік мәселелері турасында екі жақты 40 құжатқа қол қою.

Кеше кешке таман саясаткерлер ресми емес кездесу өткізген. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, екі жақ Сирия мен Корей жарты аралын талқылаған. Ал Ресей президентінің айтуынша, бүгінгі кездесуде 2017 жылы Мәскеу мен Бейжіңнің ара-қатынысын нығайту көзделген.

Си Цзиньпин өз сөзінде Ресейге қайта келгені үшін «қымбатты досы» Владимир Путинге алғысын білдірді. Сондай-ақ, шетелдік басшылардың ішінде Ресей президентімен көбірек кездесетінін де айтып өтті.

«Қытай мен Ресей – ортақ өзендері мен таулары бар жақын көршілер. Біз - бір-бірімізге қашан да қолдау көрсетіп, қол ұшын созатын сенімді достармыз, серіктестерміз», - деді Қытай басшысы.

Шолушы: Гүлім Жақан

Оставить комментарий

Связанные Статьи