Мәскеудің батыс аймағында ұрылар әйелді ұрып, 2 млн рублін қолды етті. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Екі бейтаныс ер адамдар 44 жастағы әйелге шабуыл жасап, соққыға жығады. Қолындағы сөмкесін қолды етеді. Сөмкенің ішінде жобамен 2 млн рубль болған. Бастан алған жарақатымен әйел ауруханаға жеткізілді. Толық материалды шығын 2 106 640 рублді құрады.
Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалуда.
Шолушы: Айгерім Таубай
Оставить комментарий