Парижде босқындар лагері бұзылды

/uploads/thumbnail/20170710162446041_small.jpg

Париж билігі шаһар көшелерін босқындардан тазарта бастады. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Осы мақсатта қаланың батысындағы келімсектердің шатырдан тігілген лагері бұзылды. Ал кірмелерді өзге аймақтарға көшіріп жатыр. Әуелде мың жарым адам қоныс аударады деп жоспарланған. Кейін бұл сан 2 мың 700-ге дейін жетті. Енді олар мектептердің спорт залы мен өзге де бос тұрған нысандарға уақытша тұрақтайды.

Айта кетейік, бүгінде кәрі құрлық үлкен миграциялық дағдарысты бастан өткеріп жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне қарағанда, жыл басынан бері мұнда Жерорта теңізі арқылы 260 мыңнан астам адам бас сауғалап келген.

Шолушы: Айгерім Таубай
 

Связанные Статьи