Ыстамбұлда билікке қарсы наразылық протесті болып өтті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Рейтер ақпараттық агенттігінің хабарлауынша оған 100 мыңнан аса адам қатысқан.
Наразылық оппозициялық лидер Кемаль Кылычдароглудың «Әділеттілік маршы» акциясының бір бөлігі ретінде өтті. Акцияға қатысушылар биліктен елде орнаған төтенше жағдайдың алынуын талап етіп отыр.
Кылычдароглу сонымен бірге Конституцияға енгізілген өзгерістерге қарсы шығып, наразылық барысында билікті парламентке берілуін сұрады.
Оставить комментарий