Сербияда балалар мінген автобус апатқа ұшырады

/uploads/thumbnail/20170716220517772_small.jpg

Сербияда балалар мінген автобус апатқа ұшырады. Апат салдарынан 1 бала ажал құшып, тағы 25-сі түрлі дәрежеде жарақат алған, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.  Дәрігерлер бір науқастың халі мүшкіл екенін хабарлады. 

Оқыс оқиға кезінде автобуста 50-ден астам адам болған. Жолаушылардың барлығы Польша азаматтары. Балалар Грекиядан үйлеріне қайтып келе жатқан. Жол апатының нақты себебі әзірге белгісіз. 

Шолушы: Айгерім Таубай


 

Связанные Статьи