Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон хиджап пен сақалдан бас тарту керектігін айтып, үгіттеді. «Халық дәстүрлері мен салттарын ретке келтіру туралы» заңының 10 жылдығына байланысты президент сөз сөйлеген болатын. Ол ел азаматтарына осы заңды сақтау керектігін ескертті, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі «24.kg»-ке сілтеме беріп.
Эмомали Рахмонның айтуынша, соңғы уақыттары орталық Азия мемлекеттеріне тән емес киім үлгілерін киюді насихаттау мен үгіттеу белең алуда.