Халықаралық Олимпиада комитеті Париж бен Лос-Анджелесті 2024 және 2028 жылдардағы жазғы ойындардың астаналары етіп бекітті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Алайда олардың қайсысы Олимпиаданы бірінші өткізетіні қыркүйекте анықталады. Аталған екі уақытта Олимпиаданы өткізуге Гамбург, Будапешт және Рим қалалары да таласқан болатын, бірақ соңғы тізімге Париж бен Лос-Анджелес қана кірді. Аталған екі қаланың қайсысы бірінші болып ойындарды өткізетінін өзара келісуі тиіс. Соңғы таңдау 13 қыркүйекте ХОК-тің 113-сессиясында болады.
Екі қала да бұған дейін екі реттен Олимпиада өткізген еді: Париж 1900 және 1920 жылдары, Лос-Анджелес 1932 және1984 жылдары.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы жазғы ойындар Токиода өтеді.
Шолушы: Айгерім Таубай