Жер жайында шындық іздеген «Шындық экспедициясы» өз жұмысын бастады

/uploads/thumbnail/20170716220932498_small.jpg

Жер жағдайының шындығын іздеген «Шындық экспедициясы» кеше жолға шықтық. Бүгін Кереку аймағында өз жұмысымызды жалғастырып жатырмыз. «Шындық экспедициясының» құрамы қазірше үш адам. Жетекшісі «Жер тағдыры» қоғамдық қозғалысының басшысы Қайырлы Омар, Мен-Айдын Егеубаев және астаналық белсенді Асхат Борумбаев. 

Жерге байланысты мәселе еліміздің 14 облысы, 160 ауданында да бар деп ойлаймыз. Бұл жолғы экспедиция өз мүмкіндігіне қарай бірнеше облыстарды аралайды. Ертең немесе арғы күні нақты жүріп отыратын маршрутымызды жариялаймыз. Бүгін Керекудің белсенділерімен кездесіп, қарапайым шаруалардың жағдайымен танысудамыз. 

Бұл облыста да шетелдіктердің ауылшаруашылық немесе өндірістік, тіпті жеке тұрғын үй жерлерін алған жағдайлары кездеседі дейді. Керекудегі шетелдіктердің, оның ішінде қытай азаматтарының қанша екенін қазір тап басып айту қиын. Десек те, ел аузындағы әңгімеге құлақ түріп жатырмыз. 

Барлық облыс, аудандардың белсенділері өз мүмкіндіктеріне қарай жер мәселесімен айналысып, жер туралы ақпарат жинасын. Біз экспедиция маршрутын жариялағаннан кейін сол біз жүріп өтетін аймақ, облыстардың белсенділерінің ақпараттық қолдау көрсетуін сұраймыз. 

Экспедиция басталды, жерге қатысты шынайы шындық, айнымас ақиқат іздеп жолға шықтық, сәт сапар тілеп, қолдау білдіріңіздер. 


ЖЕР ТАҒДЫРЫ-ЕЛ ТАҒДЫРЫ! 
Біздің телефондар: Қайырлы Омар, Айдын Егеубаев, Асхат Борумбаев
+77054573515; 
+77015536948

Связанные Статьи