Қазақ хақында

/uploads/thumbnail/20170717151735532_small.jpg

Қазақстаннан Ресейге көшу 1970-1994 жылдары көбейіп, ал 1995 жылдан бастап төмендей берді. 1988 жылдан бастап немістерге Германияға көшуге рұқсат берді. Қалай болса да бұл демографиялық миграциялық отарсыздану. Соңғы жылдары 2014-2016 жж. көшу үрдісі қайта көтерілді. Мәселен, 2014 жылы 24 мың адам, 2015 жылы 32 мың, 2016 жылы 38 мың адам көшкен. Қазақстаннан көшу 1970 жылдан бүгінгі күнге дейін тұрақты кері сальдо ретінде келеді. Бір миллион немістен 130 мың-ақ қалды, поляктар саны эмиграция себебінен азайды десем болады. Көшіп бара жатқан неміс, поляк, гректердің отбасылары аралас некелерден құралған. 

Орыстың саны 1991 жылға дейін қазақпен тең болды. Одан бұрын тіпті қазақтан саны басым еді. Енді  18 миллион жалпы тұрғынның  71%-ы қазақ , ал орыс 19%-ақ. 1999-2009 жылдарда Қазақстандағы қазақ 26.3%-ға өсті. Келесі онжылдықта, яғни 2009-2019 жылдарда 20-23% өсер. Орыс, украиндер, белорустар мен татарлар 1992 жылдан бері депопуляцияға түсті. Оларда туғандардан өлгендер саны артық. Сепаратизм қаупі сейіліп келеді.

Орыс пен неміс атамекенін аңсайды. 1994 жылы кері миграциялық сальдо 410 мың болды, эмиграция  кейін төмендей берді. Соңғы эмиграцияның өршуі  2016 жылда байқалды. Солтүстік Қазақстандағы көктемдегі су тасқынының зардабы мен үрей әсері болуы мүмкін. Петропавл, Қостанай, Павлодардан да көшкендер көп. Есесіне Оңтүстік пен Батыс Қазақстаннан көшіп келгендер бар. Оралмандар легі негізінен Өзбекстаннан - 61- 64%-ға   артты, есесіне Қытайдан көшіп келу  азайды. Алдымен Қазақстан жағы көптеген  құжат тауқыметін жасады. Енді Қытай жағы қазаққа көшіп кетуге кедергі жасап отыр. Ұзын саны Қазақстанға бір миллион оралман келді деп есептеледі. Солтүстік және Орталық Қазақстан қазақыланып келеді.

Қазақ мектебінде оқитын қазақтар үлесі - 91%, ал орыс мектебіндегі қазақ баласы - 9%. Қазақстанда миллион тұрғыннан асқан үш қала бар: ол Шымкент, Алматы және Астана. Қазақтың 60%-ы қалада тұрады. Қазақтың осал жері -тіл саясаты тым бәсең, екінші- ассимиляциялық үрдістер стихиялық түрде ғана жүреді, яғни арнайы мемлекеттік саясат  жоқ, үшінші кемшілік - қазақтың бір бөлігі орыс тілді. Олардың жеке жұрт болып бөліну қаупі бар, билік осы үрдістердің қауіпті бағытын бөгеу керек.

 Әзімбай Ғали

Связанные Статьи