ЕО Сирияға қарсы санкцияны кеңейтпек ойда

/uploads/thumbnail/20170717155728631_small.jpg

Еуропалық одақ химиялық шабуылдарға байланысты Сирияға қарсы санкциялар тізімін 16 адамға толтыруы мүмкін, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ЕО СІМ Идлибтегі химиялық шабуылға қатысы бар 16 сириялық ғалымдар мен әскерлерге қарсы санкция жүргізбек ниетте.  ЕО санкциялары химиялық және баллистикалық қару жасайтын ғалымдарға қатысты. 16 адамның нақты аты-жөндерінің тізімі сейсенбі күні ЕО ресми журналында жарияланатын болады.

Айта кетейік, 4 сәуірде Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясының көтерілісшілер бақылайтын Хан-Шейхун қаласында химиялық шабуыл салдарынан қаза тапқандардың саны 72-ге дейін жетті – оның 20-сы балалар, ал 17-сі әйел адамдар.

Бұдан бұрын АҚШ Конгресінде Ресей мен КХДР-ға қарсы санкцияларды біріктіру ұсынылған.

Связанные Статьи