АҚШ президенті Дональд Трамптың әскери авиациясы күніне 12 адамға дейін өлтіреді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рейтер-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Дональд Трамп тұсында ДАИШ мемлекеті бақылайтын аудандарға әскерилер шабуыл жасау кезінде зардап шеккен бейбіт тұрғындардың саны өскен. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, Трамп билікке келген 6 ай ішінде жүргізілген әуе соққыларының салдарынан 220 жазықсыз адам көз жұмған. Жалпы бір айда 360 өлім тіркелген.
Бұл Обама билік еткен жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда едәуір көп. Обама тұсында айына 80 азамат көз жұмған екен. Демек, статистика Трамптың тұсында Обамен салыстырғанда жазықсыз адамдардың көбірек көз жұмғанын дәлелдейді.
Сарапшылардың пікірінше, бұның себебі әскери қимылдардың іске қосылуынан ғана емес, бейбіт тұрғындар арасындағы бақылауға жауап беретін коалицияның жұмысының әлсіздігінен де болуы мүмкін.