ОСК Төрағасы депутаттарға куәлік пен белгі тапсырды

/uploads/thumbnail/20170718101357863_small.jpg

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында ОСК Төрағасы Берік Имашев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұловқа куәлік пен омырауға тағатын белгіні тапсырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бақытжан Жұмағұлов 13 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Еске сала кетейік, 14 шілдеде Орталық сайлау комиссиясы Мемлекет басшысының Жарлықтарымен тағайындалған С.Айтбаеваны, Б.Жұмағуловты, В.Волковты, Т.Мұсабаевты ҚР Парламенті Сенатының депутаттары ретінде тіркеген болатын.

 

 

 

Связанные Статьи