Әлемдегі ең төмен ауа температурасы Аргентинаның Сан-Карлос-де-Барилоче қаласында тіркелген. Кеше дүйсенбі күні қалада ауа температурасы 25,4 градус Цельсиге дейін - рекордтық деңгейге түскен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа Новости-ге сілтеме жасап.
Термометр 25,4 градусты көрсетсе де, шын мәнінде бұл температура 29 градус суыққа дейін төмендегендігі сезілген. Бұл туралы Аргентинаның ұлттық метеорологиялық қызметі хабарлады. Оның себебі аймаққа «Ғасырлық дауыл»-дың келуі себеп болған. Соның салдарынан Анд тауының бөктерінде орналасқан Барилоче толықтай қалың қар астында қалған.
