Алматыда көлік жүргізушісі ер адамды қағып өлтірді

/uploads/thumbnail/20170719104334026_small.jpg

Алматыда Audi жүргізушісі "Сәлем" сауда орталығы маңында ер адамды қағып, мерт қылды, - деп хабарлайды  Qamshy.kz ақпарат агенттігі "СТВ" телеарнасына сілтеме беріп.  Audi жүргізушісі Солтүстік айналма жолында солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Куәгерлердің айтуынша, "Сәлем" сауда орталығының тұсында жүргізуші өтуге рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жас шамасы 25-тегі жігіт алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи