Пара алып, істі болған Қорғаныс министрлігінің 11 қызметкеріне жаза кесілді. Үкім мамандандырылған ауданаралық әскери сотта оқылды. Күдіктілердің жалпы есептегенде 69 млн. теңге көлемінде пара алғаны дәлелденді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24 Хабар мәліметіне сүйеніп.
Сондай-ақ қылмыстарына қарай қорғаныс саласының бұрынғы қызметкері мен қаржы министрлігінің бір маманы және алты кәсіпкер әртүрлі мерзімге сотталды. Ал Қазақстан Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы басшысының орынбасары подполковник Төлеміс Жұмқазиев он екі жылға бас бостандығынан айырылды. Мүлкі тәркіленіп, подполковник шенімен де қоштасты.