Димаш Құдайберген «Ең танымал шетел әншісі» атанды

/uploads/thumbnail/20170720100852516_small.jpg

Танымал әнші Димаш Құдайберген Қытайда өткен Asian Music GaLa марапаттау кешінде «Ең танымал шетел әншісі» атанды деп хабарлайды Qamshy.kz

Бұл туралы Димаш Құдайберген  Instagram әлеуметтік желісінде  жазған болатын. Ал, Димаш Құдайбергеннің досы әрі продюсері Алпамыс Шаримов  өз парақшасында «Сүйінші! Asian Music GaLa марапаттау кешінде Димаш “Ең танымал шетелдің әншісі” номинациясының иегері атанды! Құтты болсын!!! Біздің бала шет елде “Ең танымал әнші”!!! Раxмет, Dears!!! Раxмет, ұйымдастырушылар!!!», – деп жазды.

Димаш Құдайберген сахна төрінен қазақ тілінде кешті ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді: «Құрметті өнер сүйер қауым! Баршаңызға көп рахмет айтқым келеді. Барша қазақ елінің атынан осынау Азия мемлекеттері арасында өтіп жатқан ірі жобада бой көрсетуге мұрындық болып тұрғандарыңызға көп рахмет». 

 

 

Связанные Статьи