Мексика астанасында Юрий Гагариннің мүсіні бой көтерді

/uploads/thumbnail/20170720100909760_small.jpg

Ашық ғарышқа алғашқы болып ұшқан ғарышкер Юрий Гагариннің мүсіні сәрсенбі күні Мексика астанасындағы музейдің «Жер жүзі» («Вселенная») залында ашылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ашылу рәсіміне Мексидағы Ресей елшісі Эдуард Малаян, Мексика ғарыш агенттігі және Мехико қоршаған ортаны қорғау министрлігінің басшылығы, сондай-ақ Ресей ынтымақтастық өкілі қатысты. Ал «Бірікке әлем – мәдениеттер диалогі» қорға бастамашы болды.

«Ғарышқа алғаш ұшқан ұшқыштың құрметіне қор Мехико қаласына бұл мүсінді сыйға тартады. Аталмыш рәсім халықтарды жақындастыратынына сенеміз. Батыс жарты шарында ашылған алтыншы мүсін Ресей мен Мексиканың ынтымақтасығын нығайта түспек», - деді қор басшысы Руслан Байрамов.

«Гагарин Ресей үшін ғана емес, әлем бойынша аңызға айналған тұлға. Ол адамзат тарихында әлемнің жаңа парақшасын ашқан. Сол себепті мүсіннің ашылуына себеп болған мексикалықтарға алғысымызды білдіреміз», - деді елші Малаян.

Мехико Қоршаған орта министрі Таня Мюллер Гарсия жаратылыстану мұражайының 50 жыл бойы халық үшін тынымсыз жұмыс істеп келе жатқанын ескеріп, былай деді: «Гагариннің ғарышқа сапары 56 жыл бұрын орындалған. Дәл сол сәттің ғылым үшін, жаратылыстану саласы үшін маңызы зор болғаны айқын. Ал бүгінгі ұрпақ маңызды тарихи сәттерді білу үшін біздің мұражайға жиі келіп тұрады».   

Связанные Статьи