Британия үкіметі сириялық босқындарға миллион фунт қаржы бөледі

/uploads/thumbnail/20170720102533905_small.jpg

 Ұлыбритания билігі сириялық босқындарға жәрдем беру үшін бір миллион фунт стерлинг қаржы бөлді. Бұл туралы Корольдіктің Ішкі істер министрі Амбер Радд мәлімдеді. Айтуынша қаржы босқындарға көмек көрсетіп жүрген елдегі қайырымдылық ұйымдарға беріледі деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рамблер-ге cілтеме беріп. Олар келімсектерге тезірек баспана тауып, жұмысқа орналасуына жәрдем береді. Сонымен қатар жастай тағдыр тәлкегіне түскен бүлдіршіндердің білім алуын қадағалап, қоғамға үйренуіне көмектеседі. Ал кейбір еріктілер шетелдіктерге ағылшын тілін тегін үйретеді. Ұлыбританияның Ішкі істер министрлігінің айтуынша, бүгінде елде 7 мың сириялық босқын бар. Бұған дейін Британ үкіметі 2020 жылға дейін Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінен 20 мың босқын қабылдауға уәде еткен.


Связанные Статьи