Танымал Тime басылымы мұқабасына Путиннің суретін жариялады

/uploads/thumbnail/20170721100218743_small.jpg

Американдық танымал басылым Time кезекті санына Ресей президенті Путиннің гарфикалық композиция негізінде жасалған портретін жариялаған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лента.ру-ға сілтеме жасап хабарлайды. Журнал санында Путиннің «ресейлік хакерлердің»  АҚШ-тың сайлау жүйесіне тосқауыл қою әрекеттері сынды мәселелер жайында жазылған.

Автор мақаласында Калифорнияда президент сайлауы кезінде болған олқылықтар жайында сөз қозғайды. Жергілікті тұрғындар сайлауда дауыс бере алмай жатқандарын айтып шағымданған. Кейін белгілі болғандай хакерлер дерекқорды бұзғандығы анықталды.

Ресейлік хакерлердің американдық сайлауға араласу мәселесі Путинмен Трамп арасында 7 шілде күні өткен кездесуде талқыланған болатын. Мәліметтерге қарағанда екі ел президенті осы проблеманы талқылауға 40 минут уақыт жұмсаған.

Связанные Статьи