Сауд Арабиясының полиция қызметкерлері корольдік өкілін ұстап алған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лента.ру-ға сілтеме беріп хабарлайды.
Сауд бен Абдул-Азиз бен Мусаид – Сауд Арабиясының ханзадасы. Оның тұрғындарға қасындағы сыбайластарымен бірге шабуыл жасап жүрген суреттері мен видеолары желіде таралып кеткен. Құқық қорғау органдары оны және сыбайластарын ұстап, корольдіктің заңы бойынша сотқа дейін бостандыққа шығармайды.
2016 жылы Сауд Арабиясында сот шешімі бойынша ханзадаға дүре соғылған. Ал оның алдында тағы да бір ханзаданың қылмыс жасағаны үшін басын шапқан.