EXPO-ға қатысты Астанадағы мектеп оқушыларының демалыс уақыты қандай болмақ

/uploads/thumbnail/20170721164220222_small.jpg

Астанада өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты xатшысы Арын Өрсәриев ЭКСПО-ға байланысты астаналық оқушылардың демалысын ұзартуға қатысты сұраққа жауап берді, деп xабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Аталған мәселе бірнеше рет қаралған болатын. Алайда Білім және ғылым министрлігі оқушылардың демалысын ұзартуға қатысты ешқандай шараларды жоспарлап отырған жоқ. Егер Астана қаласының әкімдігі ондай шешімді қабылдайтын болса, онда әкімдіктің өзі ол жайында міндетті түрде xабарлайтын болады», - деп атап көрсетті Өрсәриев.

Айта кетейік, Астанадағы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи