Польшада мемлекеттегі сот реформасына қарсы наразылық акциясы өтуде. Екінші күн өтіп жатқан наразылық акциясына 1000 адам қатысып жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап. Варашавада болып жатқан акцияға оппозициялық партия өкілдері, Демократияны қорғау комитеті өкілдері қатысуда. Олар биліктегі партиядан конституция мен демократиялық нормалардың сақталуын талап етіп отыр. БАҚ мәліметінше, наразылық бейбіт түрде өтуде.
Оставить комментарий