Бүгін бірнеше облыста аптап ыстық болады

/uploads/thumbnail/20170724094852062_small.jpg

Батыс Сібірге жылжитын циклондардың әсерінен атмосфералық фронттар республикамыздың солтүстік жартысының ауа райына әсер етеді. Сондай-ақ фронттардың шығысқа жылжуы әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, дауылды жел және бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп.

Қазақстанның оңтүстік жартысы әлі де жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болады.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-батысында ең жоғарғы ауа температурасы +33... +38ºС дейін, кей жерлерде 42ºС дейін жоғарылайды.

Ал оңтүстік-шығыс пен орталықта әзірше кей жерлерде + 30...+38°С дейін болады деп болжануда.

Сондай-ақ, Қарағанды облысында да күн ысып, ауа температурасы 42ºС дейін жетуі мүмкін.

Оставить комментарий

Связанные Статьи