Қазақстан Қырғызстаннан электр энергиясын сатып алудан бас тартты

/uploads/thumbnail/20170724095717895_small.jpg

Электр энергиясына қатысты Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы келіссөздер табысты болмай шықты. Ал Өзбекстан бір мәмілеге келіп, 16 маусымда басталған электр энергиясын сатып алу ісіне қатысты ұзақ мерзімге келісімшарт жасасты. Бұл жайында Қырғызстанның «Электр станциялары» АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Компанияның мәліметінше, биыл Тоқтағұл су қоймасындағы су артық болады деген болжам бар. «Электр станциялары» АҚ тарапынан Қазақстан және Өзбекстан елдерімен келіссөздер жасалған болатын. Нәтижесінде, Өзбекстанмен бітімге келіп, келісімшарт жасасқан. Өзбекстанға 2 цент бағамен электр энергиясын тасымалдау ісі 16 маусымда басталған болатын.

Алайда, электр энергиясын мұндай көлемде экспорттау жеткіліксіз болып отыр. Себебі Тоқтағұл су қоймасындағы су мөлшері өз деңгейінен асып кету қауіпі бар.

Мемлекеттік эенергия холдингінің мәліметінше, су ресурстарын басқару үшін электр энергиясын экспорттауға қатысты мәселелер  биылғы жылдың ақпан айында басталған. Су толып кеткен жағдайда, Тоқтағұл бөгеті арқылы техникалық су шығарылымдарын жасау қажет.

Оставить комментарий

Связанные Статьи