АҚШ конгресі Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы келісімге келді

/uploads/thumbnail/20170724100744711_small.jpg

Америкалық конресс Ресейге қарсы жаңа санкциялар бойынша келісімге келді. Оған себеп АҚШ сайлау алды кампаниясына Ресейдің араласу мүмкіндігі болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жергілікті БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, жаңа заңнама АҚШ президентіне санкцияларды жоюды қиындатпақ оймен де жасалған.

6 ай бойы президенттік сайлауда Трамптың жеңіске жетуінің астарында Ресейдің араласуы жатыр деген ақпар әлемдік БАҚ-ты жайлаған. Ал бұл айыптауларды Мәскеу жоққа шығарып келді.

Ресейге қарсы санкция – Иран мен Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды қарастыратын жаңа заңнаманың бір бөлігі. Өкілдер палатасында дауыс беру сейсенбіге жоспарланған.

Дауыс беру аяқталған соң құжатқа Дональд Трамптың қолы қойылады.

Трамп заңға әлі де тыйым сала алады, алайда бақылаушылар тыйым салу Трамптың Кремльді қолдағаны жайында күдікті арттыратынын айтып отыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи