Оңтүстік Қазақстан облысында пара алған екі шенеунік әшкереленді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында мәлімденді.
"23 шілдеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ОҚО тексеру комиссиясының төрағасы С.Шалабай мен облыстың тексеру комиссиясының бас аудиторы Б.Құдияровтың 7 миллион теңге көлемінде пара алғанын әшкереледі. ОҚО тексеру комиссиясының төрағасы С.Шалабай Шымкент қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал Б.Құдияров қылмысын толықтай мойындауына байланысты қамалған жоқ", - деп хабарлады Ұлттық бюроның баспасөз қызметіндегілер.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Оставить комментарий