Түркия журналистері «терроризм» айыбы бойынша сотталмақ

/uploads/thumbnail/20170724154255216_small.jpg

Түркиядағы оппозициялық газеттің 17 қызметкері "терроризм" айыбы бойынша сотталмақ, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Айыпталушылардың көбі 2016 жылдың шілдесіндегі сәтсіз мемлекеттік төңкерістен кейін жарияланған төтенше жағдай кезінде қазанда қамауға алынған.

Журналистер мен «Кумхуриет» газетінің қызметкерлерінің соты президент Режеп Тайып Ердоғанның қарамағындағы Түркияның еркін баспасөз қызметінің алаңдаушылығын тудырды. Олар кінәлі деп танылса, 43 жылға сотталуы мүмкін. «Кумхуриет» газетінің қызметкерлеріне мемлекеттік құпияны жариялады, "Гүлен қозғалысының" қолдады деген айыптар тағылған.

Баспасөз қорғау ұйымының мәліметінше, «аталмыш іс оппозициялық «Кумхуриет» газетінің үнін өшіру үшін жүргізілмек». Р24 баспасөз қорғау ұйымының дерегіне сәйкес, төтенше жағдай кезінде ұсталған 166 журналист қамауда отыр. Осы айдың басында Ердоған Түркия абақтысында екі журналистің қамауда отырғанын мәлімдеген.

Оставить комментарий

Связанные Статьи