Павлодарда көп қабатты үйден өрт шығып, 15 адам құтқарылды

/uploads/thumbnail/20170724155527128_small.jpg

Павлодарда Кутузова көшесі 291 мекенжайында орналасқан көп қабатты үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шығып, 15 адам сыртқа шығарылды, оның үшеуі - бала, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі рavlodarnews.kz мәліметіне сүйеніп.  Облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы ұсынған мәліметке сүйенсек, кеше 11:54 минутта өрттің орын алғаны туралы кезекші бөлімге хабарлама келіп түскен.

- Оқиға орнында №2 және №34 өрт бөлімшелерінің үш техникасы жұмылдырылды. Үйде ас бөлме заттары, ағаш бұйымдар, терезе мен жиһаздары жанған, өрт көлемі 20 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар пәтерге ену үшін екінші қабатқа саты орнатты. 12:22 минутта тілсіз жау ауыздықталып, 12:50 минутта толықтай сөндірілді. Аталмыш пәтерде 1951 жылы туған ер азамат тұрған, ол пәтер иесі емес, жалдап тұратын азамат. Өрттің себептері мен шығындары анықталуда, - деді ТЖД мамандары.

Оставить комментарий

Связанные Статьи