Жерорта теңізінде 200-ден аса мигранттар құтқарылды

/uploads/thumbnail/20170724163832853_small.jpg

Соңғы 3 күнде Африка жағалауларынан  Испанияға жетпекші болған 200-ге тарта мигранттар құтқарылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап. Жексенбі күні 98 адам отырған 5 үрлемелі қайықтар табылды. Бүгін таңертең 17 адамдық таңы бір қайық табылды. Барлық мигранттар Андалусияға қарай жол тартқан. 2017 жылдан бастап Испанияға келген мигранттар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейген. Қаңтар айынан маусым айы аралығында елге 10 751 мигрант келген. Альборан теңізінде Испанияға жол тартқан 49 мигрант көз жұмды.

Қазіргі уақытта Еуропа өте ауыр кезеңді- миграциялық дағдарысты бастан кешіруде. Осы жылы Еуропаға теңіз жолымен келген мигранттар саны 111 мың адамға жетті. Олардың 85 % Италияға жол тартқан.

Оставить комментарий

Связанные Статьи