Ауғанстан Ішкі істер министрлігі Кабулда болған жарылыстан 24 адам қаза тапқанын жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Жарылыстың кесірінен 42 адам жараланған. Зардап шеккендердің барлығы бейбіт тұрғындар. Өзін-өзі жарып жіберген жанкештінің автомобилі дүйсенбіде таңғы уақытта Кабулдың алтыншы полицейлер ауданында жарылды.