ОҚО-да прокуратура қызметкері мен тергеуші пара алу кезінде ұсталды

/uploads/thumbnail/20170725120240689_small.jpg

24 шілдеде Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бюросымен бірлесе кәсіпкер А-ның арызы бойынша Шымкент қаласында өткізген жедел-іздестіру шаралары барысында Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкері және Абай АІІБ-нің тергеушісі 2 млн. теңге көлемінде пара алу үстінде ұстады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұсталғандар салық төлеуден жалтарған ЖШС басшылығын жауаптылыққа тартпау үшін пара алған. Аталған факт ҚР ҚК 366-бабы 3-тармағында көзделген қылмыс құрамына сәйкес (адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы пара алу) Бірыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізілімінде тіркелді. Ұсталған прокуратура қызметкері Шымкент қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Связанные Статьи