Елордалық әкімдіктің жағдаяттар орталығынан хабарланғандай, 26 шілде күні сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін Тоқпанов 41 көшесі бойынша Д=100 мм. су құбырында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты ауыз су беру тоқтатылады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Осыған байланысты Тоқпанов 41 көшесі бойынша орналасқан тұрғын нысандар уақытша ауыз сусыз қалады.