СҚО әкімі егістік алқаптарындағы технологиялардың сақталуын тексерді

/uploads/thumbnail/20170725162523686_small.jpg

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Қызылжар және М.Жұмабаев аудандарында болды. Өңір басшысы  алдын ала жоспарланған бағыт бойынша  бармағанын атап айту керек, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі СҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкім ең алдымен  Қызылжар ауданындағы Соколов ауылдық округіне  ат басын тіреді. Онда өңір басшысы Соколов  орта мектебіне барды. Бүгінгі күні оқу орнында  265 оқушы бар. Құмар Ақсақалов үш залы бар мектеп мұражайын аралады. Спортзалда облыс әкімі  аудандық жарысқа дайындалып жатқан спортшылармен әңігімелесті. Ол облыс мектептері арасында  үлгілілердің бірі болып саналады. Жаңа оқу жылына әзірлік жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.  Мектеп жанындағы шағын орталықта жөндеу жұмыстары  атқарылуда. Ол 75 балаға шақталған.

«Біз аудан әзірлеген бағыт бойынша  жүргеміз жоқ. Сондықтан әрбір аудандағы кез келген мектепке соғатын боламыз. Жағдайдың қалай екендігін, жаңа оқу жылына  қалай әзірленіп жатқандығын байқаймыз. Жазғы лагерьлердің қалай  жұмыс істеп жатқандығын, оның тиімділігін  көрсем деймін»,- деді Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысы әлеуметтік нысандармен қатар,  елді мекендердің көркейтілуіне де назар аударды. Облыс әкімі Виноградов ауылдық округінде жер  алқаптарының пайдалану тиімділігін тексерді. Тексеру барысында «Виноградов агрофирмасы» ЖШС-на жалға берілген жердің дұрыс пайдаланылмайтындығы анықталды. Серіктестіктің құрылтайшысы Адам Богеев екен. Ондағы жер учаскелеріне арамшөп қаптап кеткен.

«Жер жақсы. Бірақ онда жұмыс істемейді екенсіз. Сіз астық алмайсыз, ал адамдар еңбекақысыз қалады. Сіз сөйтіп  мемлекеттің мүлкін тиімсз пайдаланасыз. Ол дұрыс емес»,-  деді облыс әкімі.

Одан кейін облыс әкімі Қызылжар ауданының активімен кездесті. Кездесу кезінде ауданның  әлеуметтік-экономикалық дамуының бірінші жартыжылдықтағы қорытындысы талқыланды. Ол жайлы житналғандарға  аудан әкімі Болат Жұмабеков баяндады.

М.Жұмабаев ауданына сапар кезінде  өңір басшысы Успен ауылдық округінің аграршыларымен кездесті. Облыс әкімі алқаптарда технологиялардың  сақталуы мен ауыспалы егістік мәселесіне қызығушылық білдірді.

«Алқаптарды аралайтын боламыз. Қазір пар деп отырған парларымыз барлық талаптарға жауап бермейді. Соны бірлесе тексеруіміз керек»,- деді  ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен әңгімелескен кезде Құмар Ақсақалов.

Сосын өңір басшысы ауылдың көркейтілуімен және  егістік алқаптардың жағдайымен танысты.

«Шаруашылықтың,  аудан әкімдігінің қалай жұмыс істейтіндігін, жағдайды барынша бақылау үшін қандай шаралар қолданып жатқандығын  көріп отырмыз. Бақылау үшін нені бақылау керектігін, қалай бақылау қажеттігін білу керек. Жүйелілік болмаса, жағдай өзгеріп кетуі мүмкін. Жүйе соңына дейін жұмыс істемейтіндігін байқап,  арнайы келдік»,- деді аралаудың қорытындысын шығарған Құмар Ақсақалов.

Булаев қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша  салынған 18 пәтерлік  жатақханамен облыс әкімін таныстырды. Жұмыс сапары М.Жұмабаев  ауданы активімен кездесумен аяқталды.  

Связанные Статьи