Алматыда көше қиылысында автокөлік бес адамды қағып кетті

/uploads/thumbnail/20170725163251597_small.jpg

Алматыда көше қиылысында автокөлік бес жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі sputniknews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Жол апаты Жандосов және Береговой көшелері қиылысында болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Subaru Tribeca Береговой көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Жандосов көшесіне бұрылмақ болады, бірақ ол кезде бағдаршамның қызыл жарығы жанып, жаяу жүргіншілер жолды кесіп өте бастайды.     

Subaru  бес адамды қаққан, олардың үшеуі ересек, екеуі бала. Бәрі ауруханаға жатқызылды, екі әйел адам ауыр хәлде.

 

Связанные Статьи