Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 60 адам табылды

/uploads/thumbnail/20170726101321351_small.jpg

Ақмола облысында осыған дейін із-түзсіз жоғалып кеткен 123 адамның 60-ы табылды. Ал олардың бесеуі кәмелетке толмаған жеткіншек деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме беріп.

Бұл – аймақ полицейлерінің биыл жыл басынан бері жүргізген іздеу жұмыстарының нәтижесі. Соңғы оқиға жақында ғана тіркелді. Астрахан ауданының 67 жастағы тұрғыны балық аулауға кеткеннен үйіне оралмаған. Туыстары өз күшімен 2 күн бойы іздеп, таппаған соң ішкі істер органдарына хабар беріпті. Арада тағы 3 күн өткен соң зейнеткер айдаладан дін аман табылған. Құзырлы орган мамандарының айтуынша, өңірде адамдардың жоғалып кету дерегі азаймай тұр. Біреу мал жайып жүріп адасып кетсе, енді бірі күн райының құбылуына байланысты жолынан жаңылып кететін көрінеді. Ал кейбірі үйден шыққан бойда белгісіз себептермен ізім-ғайым жоқ болады.

Связанные Статьи