Қазақстандағы букмекер кеңселерінде алкогольге тыйым салынады

/uploads/thumbnail/20170804175154153_small.jpg

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы тұжырымдамасы аясында жоспарланып отырған өзгерістер туралы баяндады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі  ҚазАқпарат мәліметіне сүйеніп хабарлайды. 

Атап айтқанда, жауапты хатшы букмекерлік кеңселерде алкогольдік ішімдіктерді сатуға тыйым салу қарастырылып отырғандығын жеткізді. «Біздің ойымызша, қызметтің аталған түрлерін алкогольдік өнімді сату мүмкіндігімен қатар жүргізуге жол берілмеуі тиіс. Бұндай жағдай жастарға елеулі түрде кері әсер етеді»,-деп түсіндірді Уәлиев Әділет министрлігінде заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, «Этил спирті және алкогольдік өнімдер өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына букмекер кеңселері мен тотализаторларда алкогольдік өнімдерді сатуға тыйым салуды енгізу ұсынылып отыр. «Букмекер кеңселер мен тотализаторларда олардың қызметі спортпен шұғылдану мен салауатты өмір салтына қызығушылықты жанама түрде арттырудың әдісі ретінде түсінік беріледі. Сол арада кейбір букмекер кеңселері мен тотализаторларда алкогольдік ішімдіктер сатылады немесе тегін таратылады. Бұл өз кезегінде маркетингтік мақсаттарда, сондай-ақ ойыншының жағдайды түсіну сезімін басу бағытында жасалады. Осы орайда ойыншыны салатын ақша көлемін арттыруға итермелейді»,-дейді Қуатжан Уәлиев.  

Оставить комментарий

Связанные Статьи