2017 жылдың 7 тамызында Алматы облысы ТЖД 112 пультіне Алматы қаласының екі тұрғыны гидроскутермен Қапшағай су қоймасының ортасында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы Қапшағай өңірі бөлімшесінің құтқарушылары құтқару катерімен жедел орынға жетіп, гидроскутерді сүйреп жағаға жеткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ТЖ бойынша ІІМ-ге сілтеме беріп.
Мәліметтерге қарағанда, гидроскутердің жанармайы таусылып, адамдар өз күштерімен жағаға жете алмаған.
Осыған ұқсас тағы да бір оқиға 8 тамызда болды, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен үрленген матрастың артынан қайықпен барып, жағадан алыстап кеткен және желдің кесірінен өздігінен жағаға қайта алмай қалған Ресей азаматы құтқарылды. Екі сағаттан сон құтқарушылардың көмегімен жағаға оралды.