КХДР билігі канадалық шіркеу қызметшісін өмірлік бас бостандығынан айыру жазасынан босатты.
«Канада азаматы Рим Хен Су КХДР Орталық сотының шешімімен шартты түрде кепілдік бойынша босатылды. 2017 жылдың 9 тамызында айыпталушы адамгершілік мәселелері аясында қамаудан шығарылды»-деп хабарлайды ЦТАК агенттігіне сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Шіркеу қызметкері мемлекетке қарсы қастандық ұйымдастыруға қатысты деген айыппен 2015 жылы еңбек лагерінде қамауға алынып, өмірлік бас бостандығынан айырылған болатын.