Дін атын жамылған дүмшелер дүние жүзіне қауіп төндіріп тұр. Нигерияда жарылыс салдарынан 120 адам қаза тауып, 250 адам әр түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған. Бұл туралы РИАНовости хабарлайды.
Қасиетті жұма күні құлшылыққа жиналған жұрт мешіт ауласына кіре бере қос лаңкес бомбаны іске қосып, жарылыстан қашқан жұртқа қаруланған террористер оқ жаудырған. Полицейлер бұл террактіге қанша адам қатысқанын нақты айта алмай отыр, анығы содырлардың 4-еуі мерт болыпты.
Бұл аймақтағы 4 террористтік ұйым да болған жағдайды өз мойындарына алмай отыр. Зерттеушілер болжамы бойынша бұл террактіне радикалды исламшы топ «Боко Харамның» ұйымдастыруы мүмкін деген болжам жасап отыр. Бұл ұйым Нигерияда террактілер жасауда белсенді ұйым ретінде танылған. Жақында Сириядағы қазақ бүлдіршіндерінің осындай содырлық әрекеттерге үйретіліп жатқандығы туралы видео жарыққа шыққан болатын.
Оставить комментарий