АҚШ қанша тырысып бақса да, Ауғанстандағы терроризм азайған жоқ. Бұл туралы Федерация кеңесінің ақпараттық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Алексей Пушков айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«АҚШ Ауғанстанда америкалық әскери контингент құрмақ болған. Нәтижесі айқын еді: Онысынан түк шықпады», – деп жазды ресейлік саясаткер.
«16 жыл бойы АҚШ әскери контингентін кеңейтіп те көрді, қысқартып та көрді. Алайда қорытынды біреу-ақ, терроризм азайған жоқ, керісінше көбейе түсті», – деп жазды ол өзінің Твиттердегі парақшасында.
Оставить комментарий