20 тамызда сағат 23-00 кейін (Астана уақытымен) expo2017.astana.com сайты орналасқан серверге ауқымды Ddos-шабуыл жасалғаны тіркелді. Зиянкестер әртүрлі IP-мекен-жайлардан бөлінген шабуыл арқасында үлкен жүктемені түрлендіре отырып (секундына 20 мың сұраудан астам), серверді істен шығаруға әрекет жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ЭКСПО-2017 көрмесінің медиа-орталығына сілтеме жасай отырып.
Техникалық қызметтің бірлескен жұмысы арқасында сервердің жұмыс істеу қабілеті толық қалпына келтірілген. Ddos-шабуылының барлық деректері арнайы қызметтерге жіберілді.
Оставить комментарий