Алаяқтың қалтасына 200 миллион теңге қалай кетті?

/uploads/thumbnail/20170708160239414_small.jpg

Атырау облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы агенттігі жалған пәтерлер сатып алаяқтықпен айналысқан 35 жастағы жігітті қолға түсірді. Бұл туралы Ақ жайық ІІД сілтеме жасай отырып Qamshy.kz хабарлайды.

Бұл жігіт Атырау қаласынан бірнеше сәулетті тұрғын үйлерді жалға алып, сатылымға шығаратыны жөнінде жарнамалар берген. Тұрғын үйлердің банктегі несиесін өтей алмағандардан тартып алынған пәтерлер екенін айтып алдаған. Үй қағаздарын сұрағандарға, барлық құжаттардың Алматыдағы офисте жатқандығын айтып, сатып алу үшін алдын ала төлем жасауын сұраған.

Осы сөзге иланған сатып алушылар аса ірі көлемдегі қаражаттарын алғашқы төлем ретінде берген. Жігіт алаяқтығының салдарынан тұрғындар 200, 000, 000 теңгеге шығынға батып отыр. Ұсталған жігіт ақшаны Букмекерлік ойындардан ұтқызып жібергендігі жайында мәлімдеген.

Қүдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 177 тармағы(алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.

Орынбек Б.

Оставить комментарий

Связанные Статьи