АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис өзінің Украинаға сапары жөнінде толығырақ айтып берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Америкалық басылымдардың мәліметінше, Джеймс Мэттис стратегиялық серіктестік орнату мен Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдау мақсатында 24 тамыз күні ресми сапармен Киев қаласына бармақ.
«Украина президенті Петр Порошенкомен және Қорғаныс министрі Степан Полторакпен стратегиялық серіктестікті нығайту және Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдау жөнінде кездесулер жоспарладым», – деп мәлімдеді Мэттис журналистерге.
Сондай-ақ, Украина Қарулы күштерін жабдықтандыру және қосымша қолдау көрсету жайы да талқыланатын мәселелердің қатарында екенін жеткізді.
«Ресейдің Минск келісімі аясында өзінің міндеттерін орындату мақсатында қысым көрсету үшін НАТО одақтастары және Украинамен келісімге келу туралы АҚШ баспасөз хатшысы Рекс Тиллерсонның әрекетін қолдаймын», – деді Мэттис.
Сонымен бірге, АҚШ Қорғаныс министрі Украинаның тәуелсіздік күнінде Киевтегі әскери шеруді тамашалайтын болады. Украина басшысы Петр Порошенко Джеймс Мэттистің елге сапарын мерекенің «Басты сыйлығы» деп атады.
Бұдан бұрын Украина президенті Петр Порошенко АҚШ-қа сапары барысында Пентагонның басшысымен кездескені хабарланған.
Оставить комментарий