Жезқазған қаласында 17 тамыз күні оқыс оқиға орын алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Қазақмыс" корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақмыс" корпорациясы 17 тамызда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Шығыс Жезқазған кенішінің № 55 шахтасында, Сәтбаев қаласында орын алған жазатайым оқиға туралы қайғырып хабарлайды. 1966 жылы туған жарушы тазарту забойын тексеру кезінде кен массасы кесегінің құлауы нәтижесінде жарақат алды. 20 тамызда дәрігерлердің қолдарынан келгенінше жасаған әрекеттеріне қарамастан, жұмыскер Жезқазған қаласының Медицина орталығында көз жұмды", – делінген хабарламада.
Орын алған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Компания басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.
Оставить комментарий